Еуропалық одақ Орталық Азиямен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Осылай деп Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могерини хабарлады.
«Біздің кездесу үлкен мағызға ие. Өткен аптада Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Орталық Азиямен қарым-қатынаста жаңа позитивті динамиканы атап өтіп, жаңа мүмкіндіктер ашылып жатқанын айтты. Біз Өзбекстанға әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту жөнінде ұсыныс білдірдік. Дәл осындай келіссөз Қазақстан және Қырғызстанмен жүріп жатыр. Тәжікстан мұндай келіссөзге дайын екенін жеткізді», – деді Могерини.
Бұдан бөлек Могеринидің сөзінше, тараптар Орталық Азиядағы бес мемлекетте Еуропалық одақтың арнайы өкілдіктерін ашу жөнінде келісімге келген.
Естеріңізге салайық, қараша айының 25-і күні Брюссель қаласында Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен Еуроодақ сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі ресми өкілі Федерика Могеринимен кездескен. Кездесу барысында тараптар қауіпсіздік, интеграция және аймаққа инвестиция тарту жөнінде келіссөздер жүргізген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды