Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ресми іссапармен Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданына барды.
Іссапар барысында Даниал Ахметов Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының басшысы Шохрат Закирмен екіжақтық кездесу өткізді. Қос тарап Шығыс Қазақстан мен Шыңжаң ауданы арасындағы сауда-экономикалық, ауылшаруашылық, медицина, білім және темір жол салаларын одан ары дамытуға байланысты келіссөздер жүргізді.
Шығыс Қазақстан облысы өкілдері осыған дейін Қытай тарапымен соңғы 4 жылда әр түрлі деңгейде 15 кездесу өткізген.
Осы тұста айта кететін бір жайт, соңғы уақыттары БАҚ беттерінде «жергілікті билік Қытайдағы этникалық қазақтарды қудалап, мәжбүрлі түрде саяси үйрену лагерлеріне жіберуде» деген ақпараттар тарауда. Осыған байланысты былтыр Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген этникалық қазақ Өмірхан Алтын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында мәлімдеме жасаған. Кейіннен мемлекет басшысы СІМ мен құзырлы органдарға аталмыш мәселеге мемлекеттік деңгейде араласуға тапсырма берген. Бірақ сол уақыттан бері Қытай тарапы Қазақстан СІМ жіберген ноталарға мардымды жауап қатпай келеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?