Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада өтетін Сүрия бейбіт келіссөзіне АҚШ бақылаушылары келмейтінін айтты. 28-29 қарашада өтеді деп жоспарланған келіссөзге Сүрия үкіметі мен оппозициясының өкілдері шақырылған.
Әбдірахмановтың сөзінше, келіссөздің күн тәртібінде "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен күрес мәселесі енгізілмеген.
"Менің білетінім, АҚШ террорлық топтармен, ең алдымен Ислам мемлекетімен күрес мәселесіне көбірек көңіл бөлуде. Бұл мәселе келіссөздің күн тәртібіне енгізілмеген" деді Әбдірахманов. Министрдің сөзінше, келіссөзде кепіл елдер - Ресей, Иран және Түркия Сүрияның Идлиб провинциясындағы жағдайды талқыламақ.
"Бұл провинция деэскалация аймағы деп жарияланған төрт аймақтың бірі. Бұдан өзге, кепіл елдер босқындарды еліне қайтаруға жағдай жасау және дағдарыстан кейінгі Сүрияны қалпына келтіруге қатысты мәселелерді талқыламақ" деді Әбдірахманов.
Сүрия келіссөзінің бұған дейінгі раунды Астанада 14-15 мамыр күндері өткен. Ол кездесу қорытындысында Иран, Ресей және Түркия ортақ мәлімдеме жасаған. Онда Сүрияның тәуелсіздігі, бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтаудың 2017 жылдың 4 мамырында қабылданған деэскалация аймағын құру туралы меморандум және Астанадағы келіссөздер барысында келісілген өзге де құжаттарды жүзеге асырудың маңыздылығы айтылған. Бұл келіссөзден кейін Сочиде және Анкарада екі кездесу өткен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?