Жолда жүру ережесі бойынша жарты миллионға жуық құқықбұзушылық анықталды. Сонымен қатар, мас күйінде көлік басқарған 2 мың 370 жүргізушілер ұсталып, 4 мың 500 көлік жүргізушісі жүргізуші куәлігінен айырылды.  Бұл туралы Әкімшілік полициясы басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Алмасбековның сөзіне сілтеме жасап Алматы қаласының ІІД Баспасөз-қызметінен Гүлнар Жаманқұлова хабарлады.

«Қала жолдарында тәртіпті нығайту бойынша шаралар қабылдануда. Жол ережесін бұзудың басым бөлігі фотобейнефиксаторлардың көмегімен анықталуда. Аталмыш қондырғыларды пайдалану зардап шегушілері бар жол-көлік оқиғаларын 6,3%-ға, кісі өлімімен аяқталғанын 10,4%-ға төмендетуге ықпал етті. Жол-көлік оқиғасы барысында қаза болғандар 1,9%-ға, жарақат алғандар – 5,1%-ға азайды. Қала әкімшілігімен бірлесе отырып магистральды көшелердегі 52 жаяу жүргіншілер өткелдері маңына 372 жол белгілерін орнату арқылы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданды, шамамен 300 метр жол бойына қоршаулар мен 116 қосымша шамдар қойылып, 4 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпе жолдары 8 соққы әсерінің жылдамдығын шектегіштермен жабдықталды»,

"The Qazaq Times"