Ұлттық пантеонға кімдердің жерленетіні белгілі болды.
Үкімет Ұлттық пантеонға байланысты қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Жаңа құжат бойынша, бұдан былай Ұлттық пантеонға министрлер, мемлекеттік орган басшылары, президенттің қарамағындағы азаматтар, республикалық маңызға ие қала, облыс әкімдері және Астана қаласының әкімдері жерленеді.
Бұған дейін Ұлттық пантеонға ҚР президенті мен оның отбасы мүшелері, премьер-министр мен оның орынбасарлары және парламент палатасының төрағалары, ҚР мемлекеттік хатшылары, Президент әкімшілігі басшылары, Коституциялық кеңес, Жоғары Сот, Ұлттық Банк төрағалары жерленеді делінген.
Былтыр Астана қаласының әкімі Ұлттық пантеон құрылысына 79 миллиард теңге кететінін айтқан. Пантеон Астана қаласынан 17 шақырым қашықтықта орналасқан Қабанбай батыр ауылы жанында орналасқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?