Тәжікстан шекара қызметі Ауғанстанмен шекарада болған шабуылды тергеуді аяқтады.
26 тамызда Тәжікстанның Ауғанстанмен шектесетін Фархор ауылының үш тұрғыны "Нива" көлігімен кетіп бара жатқанда, оларға қарсы оқ атылған. Шабуылдаушылар оларды миномет және Калашников пулеметымен атқылаған. Салдарынан көлікте болған үш адамның екеуі мерт болып, біреуі ауыр жарақат алған.
Тергеу ісі бойынша, шабуыл жасаған "Талибан" қозғалысының содырлары емес, есірткі контрабандасымен айналысатын белгісіз азаматтар болып шыққан. Бірақ олардың кім екені сол күйі анықталмаған.
Шабуыл кезінде жараланып, аман қалған жалғыз куәгер Сафархон Рахимов шабуылдаушыларды көрмегенін, олардың қамыс арасынан оқ атқанын ғана байқағанын айтқан.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап