Ресей АҚШ-қа зымыран келісіміне байланысты жауап дайындауда.
Қазан айының 28-і күні Ресей СІМ Сергей Лавров «Россия-1» телеарнасындағы «Мәскеу. Кремль. Путин» бағдарламасында: «АҚШ өзінің Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығатынын мәлімдемес бұрын СІМ арнайы құжат жіберген. Онда ресми Уашингтонның Мәскеуге қойған талаптары мен келісімнің орындалмай отырған бөліктерінің тізімі жазылған. Біз қазір аталмыш құжат бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта зымыран келісіміне байланысты АҚШ-қа жауап береміз» - деп мәлімдеді.
Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығатындығын мәлімдеген. Оның сөзінше, Ақ үй әкімшілігінің бұндай қадамға баруына Ресейдің өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы себеп болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?