АҚШ президенті Дональд Трамп Apple ұялы телефонын пайдаланып қоңырау шалған кезде, бұл қытайлық тыңшылардың жасырын тыңдауына мүмкіндік беруі бек мүмкін. Бұндай ақпаратты америкалық барлау агенттіктерінің мәліметіне сілтеме жасай отырып танымал The New York Times басылымы хабарлады.
Бұрынғы және қазіргі АҚШ үкіметінің кейбір лауазымдыларының айтуынша, президент Трамп пен ескі достары арасындағы әңгімелерді тыңдау арқылы, Трамптың өмірі туралы терең мағлұматтарға ие бола алады деп қарайды. Сол арқылы президент Трамппен қалай күресуге болатынын талдай алады. Бұл әрине АҚШ саясатына да үлкен ықпал етуі мүмкін.
Нью-йорктік басылымның айтуынша, президент көмекшілері бірнеше рет Трампқа ұялы телефонның шифрланған болуы мүмкін екенін ескерткен. Алайда, Трамп Apple ұялы телефонын пайдаланудан бас тартқысы келмейді.
Аты-жөндерін білдіргісі келмеген АҚШ үкіметінің лауазымдыларының айтуынша, АҚШ барлау агенттіктері бұл мәліметті Ресей мен Қытай үкіметіндегі ақпарат көздерінен және ұсталған шетелдік лауазымды тұлғалардан анықтап білген. Аталған ақпарат көздерінен жинақталған мәліметтер Ресей мен Қытай тыңшылары АҚШ президентінің жекелік қоңырау шалуы кезіндегі сөздерін тыңдап отырғанын дәлелдеген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы