Канадада Украинадағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.
Канаданың Торонто қаласында 1932-1933 жылдары Украинада болған ашаршылық құрбандарына алған мемориалды ескерткіш ашылды. Ашылу салтанатына шаһар басшысы Жон Тони, Канада СІМ Христя Фриланд және Украина вице-премьер-министрі Степан Кубив қатысқан.
Украинформ ақпарат агенттінің мәліметінше, ескерткішті салуға Канадада тұратын украин диаспорасы 1,2 миллион доллар қаржы жинаған. Мемориалды ескерткіш Торонто әуежайының қасында орналасқан Онтарио өзенінің жағасына орнатылған. Туынды авторы украиналық суретші Петр Дроздовский.
Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ-тың Техас штатының орталығы Остин қаласының мэры Украинада 1932-1933 жылдары болған ашаршылықты украин халқына қарсы жасалған геноцид деп бағалап, арнайы еске алу күнін бейіткен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?