БҰҰ-ның Сүрия ісі бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура мәлімдеме жасап, қызметінен кететінін айтты. Ол бұл қызметін осыдан төрт жыл бұрын өз міндетіне алған болатын.
Стаффан де Мистура БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сүриядағы жұмыстары туралы мәліметтер бере отырып, өзінің қарашаның соңында қызметтен кететінін жеткізді. Оның айтуынша, қызметтен кетуіне жекелеген себептері болған.
БҰҰ өкілінің айтуынша, қазір Қауіпсіздік кеңестің Сүриядағы ең негізгі қолға алған жұмыстарының бірі Конституциялық комитетті құру. Әрі бұл Комитеттің ықпалын қалыптастыру. БҰҰ-ның талаптары бойынша комитетке ешқандай саяси топтар билігін жүргізе алмауы тиіс және комитет мүшелерінің 30 пайызы әйелдерден құралуы керек.
Стаффан де Мистура Сүриядағы міндетінің соңғы бір айында осы мәселеге бар күшін салып жұмыс істейтінін айтады. Ол сөзінде: «Егер құрылған комитет сенімсіз болса, оны бұның керегі жоқ. Бізге Конституциялық комитеттің шынайы әрі сенімді болғаны қажет», – деген.
Стаффан де Мистура Сүрия үкіметінің шақыруымен алдағы аптада сол елге сапармен барады. Бейбіт Сүрия құру туралы негізгі мәселелерді талқыға салады. Сондай-ақ, Астана отырысындағы елдер қазанның соңында Женевада бас қосатын болады.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?