Бүгін Францияның Лион алаңында террорлық әрекетті алдын-алу мақсатында ауқымды оқу-жаттығу өтті.
Francetvinfo.fr тілшілерінің хабарлауынша, жаттығу арнайы сценарий бойынша өткізілген. Яғни автоматтармен қаруланған 12 жанкешті жергілікті тұрғындарға шабуыл жасап, тоғызын өлтіреді. Тірі қалғандарды кепілдікке алып, алаңдағы спорт кешенін қоршайды. Осындай кенеттен болған жағдайда шұғыл әрекет ету керек. Бұл операцияға барлығы 450 тәртіп сақшысы қатысты.
Ішкі саясат, миграция және азаматтық мәселелер жөніндегі Еуропа комиссары Димитрис Аврамопулос лаңкестікпен күресу барша елдің міндеті және бұл жаттығулардың негізгі мақсаты – әлем үшін қауіпке айналған террорлық әрекеттерге қарсы күресіп, әскери тәжірибе орнықтыру екенін айтты.
Ірі көлемдегі оқу-жаттығу барысын Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия, Польша және Испания мемлекеттерінің ішкі істер министрлігі өкілдері бақылаған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні