АҚШ вице-президенті Майк Пенс Қытайды Американың ішкі саясатына араласып отыр деп айыптады.
Хадсон институтында сөз сөйлеген Майк Пенс АҚШ-тың Ресей және Қытаймен қарым-қатынасына тоқтала келе: «Қытай президент Трамптың енгізген санкцияларына жауап ретінде Републикалық партия жұмысына кедергі келтіріп, АҚШ-тың ішкі саясатына араласуда. Бірде маған барлау қызметіндегі жоғары лауазымды бір азамат айтқан еді. Қытайдың ел бойынша АҚШ-қа жасап отырғанын Ресеймен салыстыруға келмейді» - деп мәлімдеген.
Майк Пенстың аталмыш мәлімдемесінен кейін Қытай СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин: «Майк Пенстың сөздері шындыққа жанаспайды. Ол өзінің осы мәлімдемесі арқылы Қытай еліне жала жауып отыр» - деп жауап берген.
Жалпы, билік басына Дональд Трамп келгелі бері АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы бұрынғы жылдармен салыстырғанда ушыға түскен. Қазіргі таңда екі ел арасында сауда соғысы жүріп жатыр. Ресми Уашингтон мен Бейжің бір-біріне қарсы кезек-кезек санкциялар енгізуде.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап