Ауғанстанның жергілікті полиция күштері осы елдің батысындағы Герат уалаятындағы үлкен өңірлерді ешбір қақтығыссыз Талибан тобына берді,- деп хабарлайды «parstoday.com» ақпарат агенттігі.
Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Гераттағы ақпарат көздері осы уалаяттың Фарси ауданында жергілікті полиция күштерінің шекара бекеттерінен кері шегінгенін, соның салдарынан осы ауданның 24 ауылының Талибанның қол астына өткенін хабарлады.
Талибанның ақпарат өкілі кері шегініс барысында 16 полиция қызметкерінің тұтқынға алынғанын айтты. Кеше ауғандық бірнеше ақпарат құралы Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің Лугар уәлаятында кері шегініп, осы аудандағы бірқатар қауіпсіздік шекара бекеттерінің Талибан тобына тапсырылғанын хабарлады. Алайда Ауғанстанның қауіпсіздік басшылары бұл хабарды растамады.
Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің шалғай аудандардан кері шегінуі бұл елде бүкілхалықтық сайлау өткізу үдерісін қиындыққа ұшыратуы мүмкін, өйткені қауіпсіздік күштері алыс аудандардағы сайлау учаскелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты болатын.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?