Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Терроризмнің Исламға қатысы жоқ» - деп мәлімдеді.

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Германияның Кельн қаласында түрік-ислам бірлестігі мешітінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Режеп Тайып Ердоған: «Терроризм мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын кез келген идеологияның Исламға, мұсылмандарға, біздің дінімізге қатысы жоқ. Терроризм христианин, иудей немесе мұсылмандардың қай қайссы жасаса да қылмыс болып қалады» - деп мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, осыдан біраз уақыт бұрын Германияда Түркиямен қатысы бар түрік-ислам бірлестіктеріне қатысты дау шыққан. Германия азаматтық белсенділері мен саясаткерлері «түрік-ислам бірлестіктері ел арасында терроризмді насихаттауда» деп айыптаған. Бірақ бірлестік басшылығы олардың бұл айыптауларын теріске шығарған.

"The Qazaq Times"