Украина билігі Ресей Федерациясына Достық, ынтымақтастық және серіктестік туралы Келісімшартты ұзартпайтындығы туралы нота жіберді. Бұл туралы ТАСС РФ Сыртқы істер министрлігі, ТМД департаментінің директоры Андрей Руденконың сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Украина тарапынан ресми нота алдық. Әрине, біз де қажетті мәлімдеме жасайтын боламыз. Президент (Петр Порошенко) өткен аптада да осындай жарлық шығарғандықтан, бұл ештеңені өзертпейді. Бұл — келесі жылдың 1 сәуірінде екі ел арасындағы келісімшарттың тоқтатылатыны туралы шешім», - деген Руденко.
Осыған дейін, нақтырақ айтсақ 19 қыркүйекте Украина президенті Петр Порошенконың Ресей мен Украина арасындағы Достық, ынтымақтастық және серіктестік туралы Келісімшарттың Украинаның Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен тоқтатылатыны туралы жарлығы күшіне енгенін жазған едік. Украина билігі егер, барлық іс қатаң сақталған жағдайда келісімшарт 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап күшін жояды деп хабарлаған болатын. Негізі, Ресей мен Украина арасында 1997 жылы қол қойылған Достық, ынтымақтастық және серіктестік туралы Келісімшарт орыс-украина қарым-қатынасының негізгі құжатына айналған еді. Онда «егемендік теңдік, аймақтық тұтастық, шекараның беріктігі, даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу, күш көрсетпеу, сонымен қатар, экономикалық және өзге де қысым түрлеріне жол бермеу қарастырылған болатын. Мәскеу Киевтің бұл қадамын қате деп атап, Украина басшылығының мұндай шешіміне өкініш білдірген еді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі