Алматы әлем бойыша ең қауіпті қалалардың қатарында.
Numbeo халықаралық орталығы өмір сүруге қауіпті елді мекендердің рейтингін жариялады. 2018 жылдың қорытындысына сәйкес, рейтингке әлемнің 327 қаласы енген. Қауіпті шаһарлардың тізімін Сан-Педро-Сула (Гондурас), Каракас (Венесуэла) және Порт-Морсби (Папуа-Жаңа Гвинея) бастап тұр.
Қазақстаннан аталмыш рейтингке Оңтүстік Астанамызда енген. Алматы қаласы қауіпті қалалар тізімінде 112 орында.
Естеріңізге салайық, тамыз айының 19-ы күні Алматы қаласының орталық көшелерінің бірінде танымал мәнердеп сырғанаушы Денис Тенге қарақшылық шабуыл жасалып, әлемге танымал спортшы пышақ жарақатынан көз жұмған. Осыдан кейін Алматы қаласының ІІД мен ҚР ІІМ қоғам тарапынан үлкен сынға қалған. Азаматтық белсенділер мен журналистер ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін және ІІМ түбегейлі реформалауды талап еткен. Бірақ Қасымов мырзаның өзі халықтың бұл талабына: «Үкімет пен президент қалай шешеді, біз соған көнеміз» деп жауап берген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?