Ресей президенті Владимир Путин мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Сүрияда апатқа ұшыған «Ил-20» ұшағына байланысты телефон арқылы сөйлесті.
Израильдің «9-канал» телеарнасының мәліметінше, қыркүйек айының 18-і күні Владимир Путин мен Биньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлескен. Сөйлесу барысында Нетаньяху Путинге «Ил-20» бортында болған 15 адамның қазасына қайғыра көңіл айтқан және Иран әскерінің Сүрия аумағында болуына қарсы екендігін жеткізген.
Бұдан бөлек Израиль премьері Ресей президентіне қажет болған жағдайда Израиль әскери әуе күштерінің басшысы Мәскеуге Ил-20 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты деректерді жеткізіп беруге дайын екендігін айтқан.
Естеріңізге салайық, қыркүйек айының 17-інен 18-іне қараған түні Жерорта теңізінде Ресейдің Ил-20 барлау ұшағын Сүрияның С-200 әуе қорғаныс жүйесі атып түсірген. Сүрия тарапы таратқан мәлімет бойынша, дәл осы уақытта Латакияны Израиль ұшақтары бомбалап жатқан және Ресей ұшағына атылған зымырын негізінде Израиль ұшақтарына бағытталған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?