Америкалық зерттеушілер мен Филадельфиядағы балалар емханасының мамандары жаңа туған нәрсетелерге  берілетін антибиотиктердің өкпенің қабынуына апарып соғатынын анықтаған. Бұл туралы «ScienceTranslation Medicine» журналына сілтеме жасап Ria.ru хабарлайды.

Тышқандарға жасалған тәжірибе қорытындысы бойынша, жаңа туған кеміргіштердің иммунитетін дамыту үшін, оған қалыпты микрофлора құрамына кіретін ішек пен бактериялардың арнайы жасушаларының  өзара әрекеттесуі қажет. Бұл «әрекеттесуден» кейін өкпенің шырышты қабығына нәрсетелерді өкпені қабынуына әкеп соғатын бактериялардан сақтандыратын жасушалар өтеді.

Зерттеу барысында, антибиотиктер жоғарыдағы жасушалардың өкпенің шырышты қабығына кіруін тежеп тастайды екен. Яғни, патогенді бактериялардан қорғайтын жасушалар болмайды.  Нәтижесінде, өкпе қабынып кетеді.

Ғалымдардың айтуынша, антибиотиктер микроорганизмдерді өлтіреді де,  нәрестеде өкпенің қабынуын тудырады. Ал жаңа туылған сәбилердегі өкпенің қабынуы өлімге апарады дейді.

«The Qazaq Times»