Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев басқаратын Социал-демократиялық партия (ҚСДП) 28 тамызда қазіргі билікті сынап, мәлімдеме жариялады.
Мәлімдемеде Алмазбек Атамбаевтың беделін түсіру мақсатында, ол мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалып жатыр екен деген қоғамда жалған ақпарат таратылып жатқаны айтылған.
"Көптеген адамдар бізге түсіндіруді сұрап жатыр. Жалған қауесетті таратып жатқан БАҚ-қа қарап, олардың артында кім тұрғанын тану қиын емес. Ал құқық қорғау органдары бұл арандатуға әдейі мән бермей отыр. Соған қарағанда, биліктің кейбір өкілдерінің жеке мүддесі тұрған секілді. Билік өкілдерінің үнсіздігінен кейін, біздің түсіндіруімізге тура келді", - делінген мәлімдемеде.
Бұдан бөлек ҚСДП мәлімдемесінде, қазіргі биліктің жүргізіп отырған саясатының саяздығы, саяси оппонентерін қудалап, әлсіз экономикалық саясат жүргізіп отырғаны, халықтың наразы көңіл-күйін өсіріп жатқаны айтылған.
Өз кезегінде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің әкімшілігі бұл мәлімдемеге жауап бермейтінін айтқан.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап