1.Ресейдің бірінші ыдырау кезеңі. Патшалық Ресейдің ыдырау факторлары:
Патшалық Ресейдің ыдырауына әсер етуші факторлар:
1)Нарықтық қатынаспен саяси либерализмнің толық дәрежеде орнықпауы. Сол себептен экономикалық және әлеуметтік үрдіс ойдағыдай дами алмады.
2)Коррупциялық үрдістер тым бой алып экономикалық және әлеуметтік салалар дамуы тежелді. Екінші Николай патшаның ашнасымен беймарал жүрісі, Распутиннің Патшайм ханыммен жүрісінің халыққа да мәлім болған. Ал саяси қайраткерлер және шенеуніктердің коррупцияға бой алдыруы.
3)1904-1905 жылдардағы Орыс –Жапон соғысында жеңілуі, 1914-1917 жылдардағы Бірінші Дүниежүзілік соғыстағы әскери жеңілістер Ресей патшасының абыройын төкті және экономикалық ,әлеуметтік дамуды дағдарысқа ұшыратты.
4)Толық масштабты саяси дағдарыс қалыптасты. Патшалық Ресейдің өз тауқыметтерін өз қолымен шеше алмайтын жағдай айқын байқалды. Ықпалды саяси партиялар –Кадеттер партиясы, Октябристер партиясы , жергілікті ұлтшылдар партиялары жағдайды ұшықтырып 1917 жылы Ақпан революциясына бейбіт жолмен алып келді. Патша тақтан тайып, саяси билік Уақытша Үкіметке өтті.
2.Ресейдің екінші ыдырау кезеңі. Ресейдің Уақытша Үкімет кезіндегі мемлекет ретінде ыдырау факторлары:
1) Cаяси тиянақтылықтың болмауы, нарықтық қатынастардың соғыс жағдайында ойдағыдай нәтиже бермеуі.Саяси либерализмнің толық дәрежеде Мәскеу, Петроград және ірі қалалардан басқа жерлерге орнықпауына алып келді. Мәселен Қазақ сахарасында Торғай мен Жетісу өлкелері және Орта Азияда 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс әскери қарсылық түріне өткен. Ресейдің Мәскеу, Петроград және ірі қалаларда жаңа орнаған Уақытша Үкімет әскери саяси жағдайды қадағалай алмады. Сол себептен әр ірі қалаларда және өлкелерде биліктен тыс әскери құрылымдар пайда болып, олар билік үшін күреске дайындалды.Экономикалық және әлеуметтік даму бағыты анархияға кете берді.
2)Коррупция мен ашық тонау,көшелерде бандитизм күшейді.Бұл үрдіс алдымен Петроград,Мәскеу , Орталық Ресейде және отар аймақтарда анық байқалды. Мәселен, Қазақстан мен Орта Азияда Ресей әскері мен орыс крестьяндары жергілікті халықты ашық тонау жолына түсті. Жеке саяси партиялар мен қозғалыстар қаруланып,олардың саяси әрекеттері әскери сипат ала бастады.
3) Бірінші Дүниежүзілік соғыстың жалғаса беруі экономикалық және әлеуметтік дамуды шиленістіріп, дағдарыстың тереңдей беруіне алып келді.Соғыстың 1917 жылғы Ақпан революциясына дейін жалғасуы дағдарыстың өршіп, Уақытша Үкіметтің билікті қолынан шығарып алуына әкеліп соқты.
4) Саяси дағдарыс одан да тереңдей берді де билік басына саяси радикалдар келді. Ендігі кезеңде басқа ықпалды партиялар пайда болды. Эсерлер, меньшевиктер мен большевиктер күшейіп әскери құрылымдар ұйымдастырды. Жергілікті жерлерде, ұлтттық өлкелерде ұлтшылдар толық басымдық алды: әсіресе,фин, поляк, грузин және қазақ ұлтшылдары ұлттық әскер құру дәрежесіне жетті.
Ресейдің орыс жұртшылығының Империялық пиғылының өсуі Ресейдің 1914-1917 жылдардағы Бірінші Дүниежүзілік соғысқа кіруіне әкелгені көп зауал тигізді.Орыс жұртшылығы 1904-1905жылдардағы Орыс –Жапон соғысынан жеңілсе де Балкан мемлекеттері жағдайына, Австро-Венгрия империясына қарсы, Германияға қарсы милитаристік амбициясы өсіп, империялық санасы қатты уланды және қазақ сияқты бағынышты ұлттарды қыру саясатын жүзеге асыру эпизодтары көп болды. 1917 жылы Ақпан революциясы шовинистік және империялық пиғылды сәл шайқаса да сөндіре алмады.Соғыс шығынының өсуі және соғыстағы әскери сәтсіздіктер радикалды бағыттағы партиялар арасында наразылық шараларын кеңінен насихаттауға алып келді. Орыс халқы соғыстан шәршай бастады.
3. Ресейдің үшінші ыдырау кезеңі. КСРО-ның (Ресейдің) мемлекет ретінде ыдырау факторлары:
1) Cаяси тиянақтылықтың болмауы нарықтық қатынаспен саяси либерализмнің тиянақты және толық дәрежеде орнықпауына әкелді. Большевиктер билікке келгенше нарықтық қатынастарды капитализмнің белгілері деп ұғып, нарықсыз қоғам орнатты. Олар “Продразверстка” деп талап етті. Бірақ бұл саясат барлық азық түлікті сыпырып алуды мақсат етті. Большевиктер барлық өндірістік кәсіпорындарды, заводтар мен фабрикаларды мемлекет меншігіне өткізіп , олардың заңды иелерін ата бастады. Осы саясат салынан Ресейде 1918 жылдың наурыз айынан бастап Азамат соғысы кезеңі басталды. Азамат соғысы 1918 жылы басталып, 1920 жылдың аяғына дейін барды. Ленин «Азамат соғысы жүріп жатыр» деп өз диктатурасын орнатып, бағынбағандарды жаппай аттырып жатты. Сол себептен экономикалық нарықтық қатынас және әлеуметтік тұрмыстық жағдай тым төмендеп, аяғы 1921 жылғы ашаршылыққа апарды. Орталық Ресейді азық түлікпен қамтамасыз ету үшін Ұлттық өлкелерді , әсіресе қазақ жерін қатты қысып, халық қуғындалып, Қытайға қоныс аударуға мәжбүр болды.
2)Коррупция мен ашық тонау күшейді. Бұл үрдіс алдымен Петроград, Мәскеу, Орталық Ресейде және Ресей отарларында анық байқалды. Мәселен, Қазақстан мен Орта Азияда Ресей әскерилері мен қаруланған орыс крестьяндары жергілікті халықты ашық тонау жолына түсті.1921 жылдан бастап жаңа экономикалық саясат басталды.”Продразверстка” саясаты сәл жұмсарып орнына “Продналог”, яғни белгіленген салық көлемі келді. Шаруаларға жеке шаруашылық жүргізуге , дәулетті шаруаларға сырттан жұмыс қолын жалдауға рұқсат берілді. Сол сияқты еркін саудаға бет алу басталып, тиянақты Ресей рублі пайда болды. Бірақ бұл толық дәрежелі нарықтық қатынас емес еді. Коммунистік диктатура мен бір партиялық жүйе орныққан жерде либерализм болу мүмкін емес еді.1928 жыл ірі бай феодалдардың мүлкі мен малы тәркілініп, нарықтық қатынастан тағы да шегінді.1929—1932 жылдары жаппай коллективтендіру науқаны жүргізіліп, оның аяғы ашаршылық нәубетпен аяқталып, қазақтың жартысы ашаршылықтан қырылды, қалғаны большевизм режіміне көнді. Басқа тірі қалғаны көтеріліске шықты, шет елдерге, басқа республикаларға қашып тынды.1920 жылы Қазақстан автономиялық республика мәртебесін алып, Ресей құрамында қалды. Кейіннен 1936 жылы Одақ республикасы атанып, Ресеймен тең дәрежелі республика КСРО одағының субъектісіне айналды. Бірте, бірте республикалар және жергілікті элиталар ықпал алып, өз мүдделерін басқа ұлт республикалармен бірге қорғайтын дәрежеге жетті. Республикалар өзара таласып, бір-бірінің территориясын тартып алатын хәлге жетті.
3) КСРО-ның , соның ішінде Ресейде саяси экономикалық, әлеуметтік дағдарыс күшейіп кейді. Жоғарыда айтылған 1919-1920 жылдардағы “Продразверстка” саясаты, 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысының зардаптары, 1921 жылғы ашаршылық зауалын жаңа экономикалық саясат өзгерте алмады. Бұл нарықсыз, шектелген нарықтық экономикалық режим Кеңес Үкіметі саясатының негізгі принципінде, колхоздастыру жылдарында (1929-1933) және одан кейінгі кезеңдерде байқалды.Сол сияқты Бірінші , Екінші , Үшінші бесжылдықтар халықты аяусыз жаншу жолымен жүрді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының алдында (1937-1939) жаппай репрессиялар, жазықсыз жазалау науқаны жүрді. Нарықсыз, шала нарықты Ресей «Ұлы Отан» соғысынан кейін бірнеше рет нарыққа түспек болып “Хозрасчет”- шаруашылық есеп орнатпақ болып, бірқатар нарықтық талпыныстар жасады. Бірақ оның барлығы сәтсіздікке ұшырады. Себебі саяси жүйе коммунистік принципке негізделген болатын. КСРО-ның бесжылдық жоспарлары тек қағаз жүзінде орындалып, “приписки”, қосып жазу , жалған ақпарат беру атты зауалға ұшырады. Сонымен, приписки және жоспарлы жүйеге негізделген экономика үлкен дағдарысқа ұшырады.
4) КСРО-ның Ұлт саясаты империялық және шовинистік принципке негізделген. КСРО пакт Риббентроп-Молотов келісімшартына сәйкес, Германия мен Польшаның территориясын бөліп алды.Сол сияқты Германияның ,Финляндияның , Румынияның ,Монғолияның бірқатар жерін күшпен тартып иемденді. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары Орталық және Шығыс және Орталық Европада бірқатар мемлекетті басып алып, саттелит мемлекеттер қауымдастығын орнатты.1939-1945 жылдардағы Екінші Дүниежүзілік соғыс бітісімен Қырғи қабақ соғысы басталды. АҚШ пен Батыс европалық мемлекеттер НАТО әскери бірлестігін ұйымдастырды. Саттелит мемлекет қатарында – Шығыс Германия, Польша, Венгрия,Чехословакия, Румыния , Югославия, Албания болды. Азияда КСРО Жапонияға қарсы соғысқа қатысып, Қытай мен Солтүстік Кореяның пайда болуына ықпал етті. Кейін олардың бірқатары КСРО-ға бағынбай кетті. Аталған мемлекеттердің көбісі КСРО-ның материалдық, финанстық, әскери көмегін ұзақ уақыт алып отырды. КСРО-ның өз жағдайы тым ауыр болғандықтан, оларға көмекті шектеуге тура келді. Салдарынан ”Демократиялық елдер” атанған бағынышты болған мемлекеттердің біразы КСРО-ға бағынбай кетті.Олардың көбісінде бастапқы кезеңде марионеттік басшылар болды. Сол сияқты КСРО Африкаға қол созып, оларда да ұлт азаттық қозғалыстар бастады.Ұлттық азаттық қозғалыстар колониалдық соғысқа ұласты. Оларға КСРО өз халқының аузынан жырып қаржы, азық- түлік, қару-жарақ беріп отырды. Мәселен, 1954жылы Қаирда араб елдерінің ұлт-азаттық соғысын қолдау штаб-пәтері пайда болды.1961 жылы Африка жылы деп жәрияланды. КСРО Алжир партизандарын қаруландырып,оларға әскери нұсқаушы жіберіп отырды, Алжирдегі француз отаршылдарын қырды. КСРО әскері 1948-1968 жылдары Чехословакияда, 1956 жылы Венгрияда коммунистік КСРО-ның тәртібін ұстап тұру мақсатында контрреволюцияны жаншып күш көрсетті. КСРО-ның барлық әрекеттері КСРО бюджетіне қып-қызыл шығын алып келді. Салдарынанл халықтың тұрмысы төмендеді. Әрбір саяси оқиға Қырғи қабақ соғыс жағдайын одан сайын ұшықтырып, КСРО-ның реформаларын кері тартты.
1985 жылы жағдай күрт өзгерді.Бұл өзгеріс мәжбүрліктер себебінен болды. Барлық экономикалық және әлеуметтік кінәраттар 1985 жылы КСРО-да саяси биліктің саяси реформаларға баруына әкелді. КСРО-ның Коммунистік Партиясының Бас хатшысы болып М.С.Горбачев тағайындалып, “Қайта құру мен демократияландыру” саясаты жарияланды. Ақыр соңында «Қайта құру мен демократияландыру» саясаты Ельцинге КСРО-ны ыдыратуға көп септігін тигізді. Себебі Ельциннің саяси қайраткерлік әрекеттері мәжбүрлік жағдайында жүріп, басқа альтернатива жоқтығының нәтижесі еді. КСРО құлады.Басқа Республикалармен қатар Қазақстан республикасы да егемендік алды.
Ресейдің мемлекет ретінде ыдырау факторлары:
1)Ельцин 1991 жылдан бастап сол кездегі Ресей премьері Гайдармен бірге саяси және нарықтық реформалар жүргізді. Сол реформалардың және мұнай мен газ бағасының көтерілуі Ресей экономикасының еселеп өсуіне алып келді. Ельциннен кейін президенттік креслоға Путин отырды. Ресейдің ішкі және сыртқы саясаты өзгерді. Путин Ресейдің премьер-министрі болған тұсында Шешенстанды күшпен жаншып, оған басшы ретінде өз адамын, Рамзан Қадыровты қойды.
2)Путин бара келе Батыс елдерімен конфронтация саясатына түсіп, Ресейге қарсы екінші қырғи қабақ соғысының басталуына себепкер болды.2008 жылы Ресей Грузияға қарсы ашық агрессия жасап, Оңтүстік Аланияны Грузиядан тартып алды. Кейіннен 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап, Шығыс Украинаға әскер кіргізді.
3)Ресей экономикасы қатарынан он жыл экономикалық стагнация жағдайында.Соңғы төрт жылда Ресейде тұрмыс деңгейі төмендеді.
4) Ресейдің экономикалық тауқыметтері саяси қарсылық акцияларын тудырды. Қарсылық әрекеттердің шыңы пенсиялық жасты ұлғайтуға байланысты болды.
5) Ендігі кезеңде Ресей, Якутия, Тува, Шешенстан, Ингушетия, Алания, Татарстан, Башқұртстан т.с.с. бірқатар отарларынан айырылады. Сол сияқты Қырымды Украинаға қайтаруға мәжбүр болады.