Оңтүстік Кореяның Спорт министрі То Чонхван КХДР-на (Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы) 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиадалық ойындарына бірігіп қатысуға ұсыныс жасады. Бұл туралы «haberturk.com» хабарлайды.
Ол солтүстіккореялық әріптестерімен спорт туралы тұрақты келіссөздер өткізу мүмкіндігін де талқылаған. Онда, қос корей елінен құралатын командалар талқылануы мүмкін екені де хабарланған. Қазіргі уақытта екі Кореяның біріккен құрама командасы Индонезиядағы Азия ойындарына қатысуда.
Бәрімізге белгілі, осы жылдың ақпан айында Оңтүстік Корея мен КХДР-ның спортшылары Пхенчханда өткен қысқы Олимпиада ойындарында да бір тудың астында жиналған еді. Сонымен қатар, хоккейден әйелдер арасындағы біріккен турнирде де екі елден құралған команда бой көрсеткен болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы