Қазақстан командасы алдымен Астанадан Бангкокқа дейін ұшады. Одан кейін 4 сағатта Джакартаға жетеді. Алғашқы екі күнде боксшыларымыз демалып, жергілікті климатқа, тамағына бейімделеді. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының мәлімдеді.
Джакартада боксшыларымызға екі күн бейімделуге уақыт беріледі. Ал 18-і күні ойындардың ашылу рәсіміне қатысады. 19-ында алғашқы кездесулерге дайындық басталады.
Азия ойындарына өзімізбен бірге 20 келі жылқы етін алып барамыз. Жігіттер кімге қанша және қай уақытта жеу керектігін өздері шешеді”, – деді ұлттық құрама жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.
Боксшыларымыздың арнайы дәрігері Ирек Сатов: «Азияның ыстық елдерінде ішек жұқпалы ауруларын жұқтыру қаупі өте жоғары сондықтан бұл жолы Джакартаға 40 келіден астам дәрі-дәрмек апара жатырмыз» - деді.
Айта кетейік, боксшыларымыздың шаршы алаңдағы кездесулері 24 тамызда басталады. Финалдық жекпе-жектер 1 қыркүйекте өтеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы