Қазақстан командасы алдымен Астанадан Бангкокқа дейін ұшады. Одан кейін 4 сағатта Джакартаға жетеді. Алғашқы екі күнде боксшыларымыз демалып, жергілікті климатқа, тамағына бейімделеді. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының мәлімдеді.

Джакартада боксшыларымызға екі күн бейімделуге уақыт беріледі. Ал 18-і күні ойындардың ашылу рәсіміне қатысады. 19-ында алғашқы кездесулерге дайындық басталады.

Азия ойындарына өзімізбен бірге 20 келі жылқы етін алып барамыз. Жігіттер кімге қанша және қай уақытта жеу керектігін өздері шешеді”, – деді ұлттық құрама жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.

Боксшыларымыздың арнайы дәрігері  Ирек Сатов: «Азияның ыстық елдерінде ішек жұқпалы ауруларын жұқтыру қаупі өте  жоғары сондықтан бұл жолы Джакартаға 40 келіден астам дәрі-дәрмек апара жатырмыз» - деді.

Айта кетейік, боксшыларымыздың шаршы алаңдағы кездесулері 24 тамызда басталады. Финалдық жекпе-жектер 1 қыркүйекте өтеді.

“The Qazaq Times”