Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей басшысы Владимир Путин Теһранда кездесетін болды – деп хабарлайды Известия газеті.
Басылым мәліметінше, Ердоған мен Путин Иран астанасында Ресей, Түркия және Иран басшыларының саммиті аясында кездеседі. Кездесу барысында қос тарап екі жақтық қарым-қатынас, сауда-экономикалық байланыс және Сүрия дағдарысы жөнінде келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Режеп Тайып Ердоған Ресей, Түркия, Иран үштігінің саммиті 7 қыркүйек күні Стамбұл қаласында өтеді деп мәлімдеген. Бірақ кейіннен оның бұл мәлімдемесін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жоққа шығарған.
Жалпы, қазіргі таңда Ресей, Түркия және Иранның экономикалық жағдайы күн өткен сайын нашарлауда. Оған басты себеп АҚШ-тың аталмыш мемлекеттерге салған санкциялары. АҚШ санкцияларының салдарынан соңғы бір аптада доллар алдында Түркия лирасы 40 пайызға, Ресей рублі 9,33 пайызға құнсызданған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?