Қазақ-өзбек шекарасында жүздеген жүк көлігі өте алмай тұр – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, жүк көліктерінің Қазақстанның «Б. Қонысбаев» өткізу бекетінде тұрып қалуына Өзбекстан кеден қызметінің шетелдік жүк транзиттерін тек екі ғана бекеттен өткізіп жатқаны себеп болған.
Атап айтқанда қазіргі таңда Өзбекстан кеденшілері шетелдік жүк транзиттерін «Яллама» және «Қарақалпақстан» бекеттері арқылы өткізуде. Оның үстіне соңғы күндері Өзбекстан тарапы халықаралық жүк транзитіне бақылауды күшейткен. Салдарынан қазақ-өзбек шекарасында жүзден астам жүк көлігі өте алмай кезек күтіп қалған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?