Дүниежүзілік Сауда Ұйымының басшысы Роберто Азеведо әлемдік сауда-саттыққа қауіп төніп тұрғанын хабарлады. Бұл туралы британиялық «The Independent» интернет-басылымы Р.Азедевоның сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның сөзінше, сауда-саттықты шектеу шаралары соңғы жарты жылда бұрын-соңды болып көрмеген көлемге жеткен. Олардың арасында тарифтер, жеңілдіктер және кедендік қағидалардың қатаңдатылуы сияқты шектеулер бар. ДСҰ-ның бас директоры мұндай шаралардың соңы экономикалық ауыр зардаптарға, соның ішінде жұмыс орындарының жойылуы мен экономикалық өсімнің кемуіне себеп болуы мүмкін деген.
Бұдан бұрын, АҚШ билігі қытайлық экспорт тауарларға 25% пайыздық кеден салығын енгізілгені туралы хабарланған еді. Бейжің осыған жауап ретінде америкалық тауарларға 16 млрд долларлық жаңа салықтар енгізуге шешім шығарған болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы