Шымкентте мектепке діни киіммен барған 22 оқушының ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы Шымкент білім департаментінің бас маманы Жанар Алтаева хабарлады. Оның айтуынша, бұл мектепке 148 оқушы діни киімен барған.
Білім департаментінің мәліметі бойынша, 22 баланың ата-анасына айыппұл салынған. Дегенмен олар мектеп әкімшілігінің талаптарын орындаудан бас тартып отыр.
Өткен жылы қаңтарда орта мектептердегі форма туралы жаңа бұйрық шығарылған. Оған келіспеген ондаған ата-ана прокуратураға шағым түсірген. Олардың арызын қараған прокуратур білім министрлігінің ұстанымын қолдаған.
Осы оқу жылының аяғында министр Ерлан Сағадиев сабаққа жіберілмеген оқушылар екінші жыл орнында қалуы мүмкін екендігін мәлімдеген еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?