Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қорғаныс өнеркәсібінің атқару комитетінің жиналысын ашты. Бұл жиналыста Түркия Қорғаныс өнеркәсібінің ауқымды жобалары талқыға түспек. «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
НАТО мүшелерімен бірлесіп қорғанудың сенімсіздігі Түркияны Ресей әуе қорғаныс жүйелерін сатып алуға итермеледі. Ал, НАТО мен Түркия арасындағы сенімділік азайған тұста, Түркия дербес қорғаныс қуатын арттыруға бар күшін салып жатқаны белгілі. Ердоған Түркияның қорғаныс саласында шетелге тәуелсіз етуді референдум алдында да уәде еткен болатын.
Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитетінің кезекті жиналысында, түрік қарулы күштері және Ішкі істер министрлігіне қарасты қауіпсіздік күштерін қажеттілікке қарай, заманауи қару-жарақ және көлікпен қамтамасыз мәселелерін талқылады. Осыған қатысты ауқымды 48 жоба ортаға салынып, талқыланған.
Аталған комитеттің міндетінде, отандық қажеттілікті өтегеннен кейін шетелдік тапсырыстарды да орындау жүктелген.
НАТО мен Түркия арасында ресейлік әуе қорғаныс жүйесін сатып алу дау-шары кезінде Анкара тарабы «Болашақта отандық әуе қорғаныс құрылғыларын жасап шығаратын боламыз» – деген мәлімдеме де жасаған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы