НАТО-ның Парламентарлар Ассамблеясының 99-ші семинары Анталияда өтті. Кезекті семинар отырысы ұйымның Жерорта теңізі мен Таяу Шығыс мәселелеріне қатысты жоспарларын талқыға салған.
Семинар кезінде Түркияның ресейлік S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алуы туралы да сөз болған. Ассамблея төрайымы Маделейн Мун Түркияның ұйымдағы маңызды рөлін айта келіп, әуе қорғанысын қамтамасыз етуде жасап жатқан қадамдарын қолдайтынын білдірген.
Түркияның Ресейден әуе қорғаныс құрылғыларын сатып алуы НАТО-дағы одақтасы болған АҚШ-тың наразылығын тудырған болатын. АҚШ тарабы ресейлік әуе қорғаныс жүйесі НАТО пайдаланатын америкалық және еуропалық әскери ұшақтар мен өзге техникаларға сәйкес келмейтінін, бұл қорғаныс жүйесі F-35 ұшақтары үшін де қауіпті екенін ескерткен.
Түркияның бұл шешімі үшін АҚШ F-35 жауынгерлік ұшақтары мен оның бөлшектерін жеткізіп беруді тоқтатқан. Алайда, осының өзі Анкараны алған бетінен қайтара алмады. Дегенмен, Түркияның ресейлік әуе қорғаныс жүйесін пайдалануға НАТО мүшелері толықтай қарсы емес.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы