Джон Маккейн бастаған АҚШ сенаторлары Ресей экономикасын күйрететін санкциялар тізімін дайындауда – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Тамыз айының 2-і күні сенатор Линдси Грэм жариялаған құжатқа сәйкес, Джон Маккейн бастаған сенаторлар тобы Ресейдің АҚШ сайлауына араласуына қарсы, Сүрия мен Қырымдағы арандату әрекеттеріне қарсы жаңа санкциялар тізімін әзірлеген. Онда АҚШ бұдан былай Ресейдің саяси тұлғалары мен компанияларына ғана емес, мемлекеттік қарыздарының транзакцияларына, энергетика және инвестиция салаларына да санкция салатын болады делінген.
Бұдан бөлек дәл осы күні АҚШ ұлттық барлау агенттігінің директоры Дэн Коутс: «Ресей қарашада өтетін Конгресс сайлауы мен 2020 жылы өтетін президент сайлауына кедергі жасауын қазірден бастауда. Біз Ресейдің АҚШ-ты бөліп-жаруға бағытталған жұмыстарын бақылауда ұстап отырмыз. Бізге Ресей хакерлерінің шабуылдары, олардың сайлауға түсетін үміткерлер мен үкімет мүшелерінің жеке құжаттарын қолды ету үшін жасаған қадамдарының барлығы белгілі» - деп мәлімдеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?