Ұлыбритания тұрғындарының жартысы ЕО-дан шығу туралы екінші референдум жасауды талап етуде. Қоғамдық пікір сауалнамасының қорытындылары бойынша, Біріккен Әмірлік азаматтарының жартысына жуығы ЕО құрамынан шығу туралы шешімге қарсы. Бұл туралы dw.com хабарлайды.
Sky Data арқылы жасалған зерттеу Ұлыбритания тұрғындарының 50 пайызы елдің Еуропа одағынан шығу жөніндегі референдумға қайтадан дауыс беруді қалайтынын дәлелдеген. Ал, 40 пайызы, осындай ойға өз қарсылықтарын білдіруде.
Еске салайық, Ұлыбритания қазіргі уақытта ЕО құрамынан шығу туралы келісімшарттың өңдеу кезеңінде. Ресми түрде, 2019 жылдың наурыз айында ЕО-дан шығу келісімшартына қол қойылмақ. Осы шешім үшін, әмірлік тұрғындарының жартысынан көбі дауыс берген еді. Алайда, қазіргі таңдағы зерттеулер бойынша, бұл шешімге қатысты халық көзқарасы өзгергендей.