Мәскеуде 2,5 мың адамның қатысуымен шеру өтті – деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, Мәскеу қаласының Академик Сахаров көшесінде зейнет жасын 63 жастан 65 жасқа ұзартуға қарсы шеру өткен. Қарсылық акциясына «Яблоко», «Демократиялық қозғалыс», «Ашық Ресей» партияларының өкілдерді мен оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары қатысқан. Бірнеше партияның басын қосқан бұл жолғы қарсылық акциясына Мәскеу әкімшілігі рұқсат берген.
Естеріңізге салайық, шілде айының 19-ы күні Мемлекеттік Думаға зейнет жасын 65 және 63 жасқа ұзартуға байланысты заң жобасы келіп түскен. Жоба авторлары депутаттардан ерлердің зейнет жасын 63-тен 65-ке, ал әйелдердің зейнет жасын 58-ден 63-ке ұзартуды сұраған.
Айта кететін бір жайт, 2013 жылы Қазақстанда да әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін ұзарту ұсынылған және сол кездегі еңбек және әлеуметті қорғау министрі болған Серік Әбденов бүкіл Республикаға танымал саясаткер атанған. Ол Қарағанды облысына жасаған сапарында жергілікті тұрғындардың «әйелдер не себепті 63 жаста зейнетке шығуы тиіс?» деген сұрағына: «Потому что, потому что» деп жауап берген. Осыдан бастап Әбденов мырза халық арасында «министр потому что» атағын алған және көп ұзамай отставкаға кеткен. Бірақ министр кеткенімен халық тарапынан үлкен қарсылыққа тап болған заң жобасы көп ұзамай парламентке қайтып оралды. Бұл жолғы заң бойыша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы 2027 жылға дейін жылына 6 айдан ұлғайатын болады. Бұл ұлғайу 2027 жылы 63 жасқа келіп бірақ тоқтайды. Бір сөзбен айтқанда осыдан бес жыл бұрын «потому что потому что министр» халыққа түсіндіре алмаған заң жобасы бәрібір жүзеге асырылуда.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?