Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов: «Біз АҚШ-қа ақталу үшін келген жоқпыз» - деп мәлімдеді.
Абдулазиз Камилов бастаған Өзбекстан делегациясы шілде айының 25-і күні Уашингтонда «Өзбекстандағы діни бостандықтың жаңа эрасы» атты баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Абдулазиз Камилов журналистердің «Өзбекстан үшін АҚШ астанасында діни бостандық жөнінде мәлімдеме жасау маңызды ма?» деген сұрақтарына: «Біздің АҚШ-пен қарым-қатынасымыз кеше ғана басталған жоқ. Күн тәртібінде діни бостандық тақырыбы тұр. Бұл тақырыбтың Өзбекстан мен АҚШ қарым-қатынасында алатын орны ерекше. Себебі бұл адам құқығы, бейбітшілік және таңдау құқығымен тікелей байланысты. Кейде Өзбекстанға қатысты түрлі сыни мәлімдемелер жасалады. Бірақ біз АҚШ-қа оны жоққа шығарып, ақталу үшін келген жоқпыз. Біз тәжірибе алмасу арқылы алда тұрған мәселелерді бірлесіп шешу үшін келдік» - деп жауап берген.
Естеріңізге салайық, Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов 24 шілде күні АҚШ-қа ресми іссапармен барған. Онда ол діни бостандық тақырыбы бойынша министрліктер арасындағы халықаралық конференцияға қатысқан және Уашингтонда бірқатар екі жақтық кездесулер өткізген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды