АҚШ үкіметінің лауазымды тұлғалары 20-23 шілде аралығында Қазақстан мен Өзбекстанға сапарлап келіп, Орталық Азияның бес елі өкілдерімен экономика және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті 23 шілдеде кездесудің С5+1 (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және АҚШ) форматы аясында өткенін хабарлады.
С5+1 форматы аймақтық басты дипломатиялық платформа саналады. Оның аясында АҚШ пен Орталық Азияның бес елі экономикалық интеграция, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік саласында өзара көмек көрсету мақсатында ынтымақтасады.
Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде мемлекеттік хатшының экономикалық және іскерлік мәселелер бойынша көмекшісі Маниша Сингх 20 шілде күні экономикалық байланыстар бойынша жұмысшы тобында АҚШ делегациясын Алматыға бастап келгені айтылады.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды