Бұған дейін хүситтердің Жоғары саяси кеңесінің басшысы Махди әл-Машат Франция президенті Эммануэль Макроннан Йемендегі азаматтық соғысты тоқтатуға көмектесуін сұраған еді. Енді, 2014 жылдан бері Йемен территориясында жалғасып жатқан азаматтық соғысты тоқтату туралы Ресейден де көмек сұрауда. Бұл туралы «20minutes.fr» хабарлайды.
Хүситтердің Жоғары саяси кеңесінің басшысы Махди әл-Машат Ресейден өзінің халықаралық ықпалын пайдалана отырып, әскери әрекеттерді тоқтатып, Йеменнен әуе және теңіз қоршауларын алып тастауға өтініш жолдаған. Жолдауда Йеменге қарсы қысымның күшеюінен бөлек, Сауд Арабиясы тарапынан Йеменнің солтүстігінде күшейген әскери әрекеттер де айтылған. Шииіттік көтерілісшілердің басшысы Йеменнің «бейбітшілікке қол жеткізуге және Йемендегі соғысты тоқтатуға бағытталған кез келген қадамға қолдау көрсететінін» айтты.
Бәрімізге белгілі, Йемендегі азаматтық соғыс 2014 жылдан бері жалғасуда. Оған «Аңсар Алла» деп аталатын шииттік қозғалыстың көтерілісші-хүситтері мен президент Әбд Раббу Мансұр Хадиге жақтас үкіметтік әскерилер қатысуда. 2015 жылы қақтығысқа билікке жақтас әрі Сауд-Арабиясының қолдауына ие сүнниттік мемлекет одағы араласты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы