Қырғызстан және Тәжікстан шекара аумағында қақтығыс болды.
Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, 20 шілдеде тәжік анклавы Ворух арқылы өтетін Кишемиш – Ақсай жолында тәжік шекарашылары екі қырғыз әскери қызметкерін және екі азаматты заңсыз ұстаған.
"Тәжік шекарашылары қырғыз әскери қызметкерінің біріне жеңіл дене жарақатын салды. Екі тараптың ресми өкілдері тез арада кездесіп, келіссөз өткізді. Нәтижесінде азаматтарды босатты. Тәжікстан шекара қызметінің өкілі шекарашының заңсыз әрекеті үшін кешірім сұрады", - делінген қырғыз тарапы таратқан мәлімдемеде.
Ал өз кезегінде Соғды облысы шекара басқармасының өкілі "қырғыз шекарашысы тарапынан кезекті арандату әрекеті болды" деп мәлімдеді. Ворух ауылының тұрғыны Саидакбар Сафаровтың сөзінше, Ақсай тұрғындары мен қырғыз шекарашылары тәжік азаматына даулы аймақтағы егін алқабында жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген және бұл әрекеттің соңы кикілжіңге ұласқан. Оқиға орнына тәжік шекарашылары келіп, төрт қырғыз азаматын ұстаған. Бірақ келіссөзден кейін оларды босатқан.
Тәжік-қырғыз шекарасының қашықтығы 976 шақырымды құрайды. Бүгінгі күні оның тек 504 шақырымы өзара шешілген. Қалған учаскелері әлі даулы болып тұр, сол себептен ара-тұра тұрғындар мен шекарашылар арасында кикілжің болып тұрады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?