АҚШ президенті Дональд Трамп кезекті мәлімдемесінде Ресей президентімен тағы бір мәрте ресми кездесу жасауы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы VOA хабарлаған болатын.
Трамп өзінің Твиттер парақшасында дүйсенбі күні өткен кездесу туралы: «Үлкен жетістіктерге жеттік, тек жұртшылықтың дұшпанына айналған жалған ақпараттарға келісе алмаймын», – деді. Ол және Путинмен екінші рет кездесуді үміт ететінін, келесі кездесу талқыланған көптеген маңызды мәселені іске асыру үшін аса қажетті екенін де айтып өтті.
Осымен бір уақытта Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тағы саяси күштерді кездесудің сипатын бұрмалады деп айыптады. Ол және мұндай пікірлер АҚШ-тың өзіне ғана зиян жеткізетінін айтқан.
Путин сөзінде: «Біз кейбір саяси күштердің Құрама Штатта өздерінің саяси амбициясын жүзеге асыру үшін, өздерінің іскерлік топтарының мүддесін ғана қорғау үшін АҚШ-Ресей қарым-қатынасын құрбан ететінін, миллиондаған доллар көлеміндегі келісімшарттарды жоғалтып, Ресей нарығынан да бас тартып, нәтижесінде АҚШ-ты да тығырыққа тірейтінін көріп отырмыз», – деді.
Путиннің ойынша, дүйсенбі күні өткен кездесу «Екі елге де тиімді бағыттарға жол ашады». Дегенмен, дүйсенбі күні екі елдің президенті қандай келісімдер жасасқаны, қандай уәделерге қол алысқаны туралы анық мәлімет таратылмады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді