16 шілде күні Иран БҰҰ-ның Халықаралық сотына Теһранға (Тегеран) қарсы санкцияларды қатаңдатқанына байланысты Біріккен Штаттардың үстінен шағым түсірді. Бұл туралы DW агенттігі Иранның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Иран СІМ басшысы Мұхаммед Джавад Зарифтің сөзінше, Халықаралық сотқа шағым түсірудеі басты мақсат — АҚШ-ты «біржақты санкцияларды заңсыз түрде қайтадан енгізгені үшін» жауапкершілікке тарту. «Иран АҚШ-тың дипломатиялық қатынастары мен құқықтық міндеттеріне қарамастан заңға құрмет көрсетеді», - деген Д.Зариф. 2015 жылғы Иранның ядролық бағдарламасы туралы тарихи келісімшарт Иран санкцияларының бір бөлігін алып тастауды қарастырады. Еске салайық, 8 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп АҚ үйдің аталған келісімшарттан шығатыны туралы мәлімдеп, Иранға қарсы санкцияларды қайта жаңғыртқан болатын. Сонымен қатар, ол егер өзге елдер Иранға болысатын болса, оларға да қарсы санкция енгізетінін мәлімдеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы