«Иран ешқашан ешқашан бірінші болып соғыс бастамайды, бірақ өзіне шабуыл жасалса бар күшін салып соғысады». Бұндай мәлімдемені сол елдің сыртқы істер министрі Мұхаммад Жавад Зариф CNN арнасына берген сұхбатында ортаға салды.
Зариф сұхбатында АҚШ-тың Иранға қаратқан саясатын сынға алған. Оның айтуынша Уашингтон Иранға тұрақты түрде қысым жасап, соғыс қаупімен қоқан-лоқы жасап келген. Зариф сөзінде: «Иран ешқашан бірінші болып соғыс бастамайды, бірақ өзіне шабуыл жасалса бар күшімен қарсы тұрады. Иран АҚШ-қа екі ел ортасында соғыс болса оның аяқтаушысы (жеңімпазы) болмайтынын көп рет ескертіп келген», – деді.
Иран мен АҚШ арасында бір-біріне ескертулер, үркіту-қорқыту әрекеттері көп рет болған. Тараптар соғысты қаламайтынын сан рет қайталап айтады. Алайда, бір-біріне әскери қысымды арттырып, қоқан-лоқы көрсету арқылы мәміле табуға тырысады. АҚШ пен Иран арасындағы бұл кереғарлық аймақтағы шиеленістің негізгі бір себептері.
Иранның қорғаныс өкілдері өздерінің қорғаныс қуатын жоғары бағалайды. Олар АҚШ тарабынан қандайда бір шабуылға қарсы төтеп бере аламыз деп санайды. Тіпті, екі ел арасында соғыс болған жағдайда Иран зымырандары арқылы АҚШ-тың аймақтағы барлық әскери базаларын талқандай аламыз деген мәлімдемелер де жасаған. Шын мәнісінде, бұндай ескертулер мен мәлімдемелердің өзі де соғыс қатерінен сақтану шаралары болып саналады. Уашингтон мен Теһран тікелей соғысудан сақтану үшін де бір-біріне осындай мәлімдемелер арқылы қысым жасап келеді.