Америка өзінің мүддесі мен қауіпсіздігіне қатысты мәселеде барлық өкілеттілікке иеміз деген пікірде. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің адвокаты Дженнифер Ньюстед БҰҰ-ның Халықаралық соты АҚШ-тың Иранға санкциялар енгізу мәселесене араласа алмайды деп мәлімдеген. Бұл туралы «Al Jazeera» хабарлайды.
Негізінде, бұл мәлімдеме 2018 жылдың мамыр айында АҚШ енгізген санкцияларға байланысты Иранның БҰҰ-ның Халықаралық сотына шағым түсіруіне байланысты жасалып отыр. Осыған дейін сайтымызда Халықаралық соттың АҚШ-қа қатысты істі қолға алғаны туралы хабарлаған едік. Алайда, Америка тарапы өзінің қауіпсіздігі мен мүддесіне қатысты мәселеде барлық өкілеттілікке иеміз деген пікірде.
Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп 2015 жылы жасалған Иранның ядролық келісімшартын бұзған еді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел