Бүгін, 11 шілдеде ақпарат құралдарының қатысуымен басталған саммитте НАТО-ның бас хатшысы Йенсон Столтенберг пен АҚШ президенті Дональд Трамптың арасында қатаң пікірталас орын алды. Бұл туралы «eurointegration.com» (Еуропалық құқық) сайты хабарлайды.
Өзге де ақпарат көздерінің хабарына қарағанда, әдеттегідей, журналистерге олардың екіжақты әңгімелерін бейнетаспаға түсіріп, жазуға рұқсат етілген. Столтенберг әңгімені НАТО-ға мүше елдердің бәрінің қорғаныс шығындарының артып жатқанын, 29 мүше елдің тек 8-інің ғана қорғаныстың ЖІӨ-нің 2%-ы туралы талапты орындайтынынан бастаған. Алайда, Трамп АҚШ-тың еуропалық елдер Ресей Федерациясымен саудада табыс тауып жатқанда, Еуропаны Ресейден қорғағанын, сонымен қатар Ресей мемлекетіне демеушілік жасайтынына баса назар аудартып, бәрін теріске шығарды. «Германия АҚШ-тың нақты салымы 4,2 % болса да, 1 %-дан сәл ғана асатын шығындарымен қолдау көрсетуде (НАТО – ред.). Алайда, Германия Ресейдің газы үшін миллиард еуро төлейді... АҚШ Германияны қорғайды, біз Францияны қорғаймыз, тіпті бәрін қорғаймыз (Еуропада — ред.). Бұған төзе алмаймыз. Бұл өте ақылға қонымсыз. Олар Ресейге миллардтап ақша төлейді. Ал біз оларды қорғауымыз керек!», - деп қайталаған өз сөзінде Трамп бірнеше мәрте.
Бұдан бұрын президент Трамп Еуропа елдерінің, соның ішінде Германияның қорғаныс қажеттіліктерінің шығындарының аздығы үшін өзінің наразылығын қайта-қайта білдірген еді. БАҚ мәліметтеріне сәйкес, Германия НАТО шеңберіндегі әскери қорғаныс шығындарын арттырудан бас тартқаннан кейін, Пентагон өзінің әскерін сол жақтан толықтай немесе жартылай шығару мүмкіндіктерін қарастырған еді. Алайда, АҚШ-тың НАТО-дағы елшісі Кей Бейли Хатчисон Пентагонның Германиядан америкалық әскерді шығару ниеті туралы ақпаратты жоққа шығарды.