АҚШ президенті Дональд Трамп Франция басшысы Эммануель Макронға Еуроодақтан шығу жөнінде ұсыныс жасады – деп хабарлайды The Washington Post газеті.
Басылым мәліметінше, Дональд Трамп Эммануель Макронмен сәуір айында соңында Ақ үйде өткен кездесуінде Франция президентіне Еуроодақтан шығу жөнінде ұсыныс жасаған. Онда ол Макронға егер Франция Еуроодақтан шығатын болса, Уашингтон Парижбен жеңілдетілген жүйе бойынша екі жақтық сауда-экономикалық байланыс орнатуға дайын екендігін айтқан.
Естеріңізге салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде шілде айында Дональд Трамптың еуропаға сапары басталатындығы жөнінде ақпарат тараған. Аталмыш сапарда Трамп НАТО саммитіне қатысып, Хельсинк қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі деп күтілуде.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды