Жаңа жыл қарсаңында Баян-Өлгий аймағының Журналистер одағы аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының үздік қызметкерлерін марапаттады. Бұл туралы kaznews.mn сайты хабарлады.

Баян-Өлгий аймағының Журналистер одағы, «Моңғол Заман» басылымын «Үздік газет», «ТВ4» телеарнасын «Үздік телеарна», «KAZNEWS.mn» порталын аймақтағы «Үздік ақпараттық сайт» деп таныды.

Сонымен қатар, аймақтық журналистер одағының басқарма мүшелері түрлі номинация бойынша аймағымыздың үздік баспасөз қызметкерлерін анықтады.

Ж.Жұлдыз («Дербес» телеарнасы) – «Үздік тележүргізуші», Қ.Жайнаған («Наз» телеарнасы) – «Үздік редактор», М.Есенкелді (Жергілікті қазақ радио, телеарнасы) – «Үздік оператор», Б.Нұрбота (ҚР Елшілігінің баспасөз қызметкері) - «Үздік журналист» деп танылды.

А.Белей «Журналистика ардагері», А.Еженхан, М.Муғраж қатарлы азаматтар «Белсенді қаламгер», А.Күмісай «Үздік қаржыгер» марапатына лайық деп танылды.

Моңғолия Журналистер біріккен одағының 100 жылдық медалымен: Жергілікті қазақ радио, телеарнасының тілшісі Қ.Төлеубай, Моңғол Заман газетінің Көкмойнақ бағындағы меншікті тілшісі К.Алаш, Дербес телеарнасының атқарушы директоры А.Кенжебай марапатталды.

ҚР-ның Ақпарат және Мәдениет министрлігі «Баспасөз саласының үздігі» медалімен қазақ тілді баспасөз «Моңғол Заман» газетінің бас редакторы Р.Асылбек, Моңғолия Журналистер одағының «Баспасөз саласының үздігі» медалімен Ж.Қабдыраш марапатталды.

Аймақ әкімінің Құрмет грамотасымен Жергілікті қазақ радио, телеарнасының қызметкері Р.Өкеш, аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралының Төрағасының Құрмет грамотасымен Жергілікті қазақ радио, телеарнасының тілшісі К.Маржан сыйланды.