Еуроодақ елдері босқындар мәселесінде келісімге келе алмады – деп хабарлайды «Неміс толқыны» ақпарат агенттігі.
Маусым айының 24-і күні Брюссельде 16 елдің мемлекет басшыларының қатысуымен кезектен тыс Еуроодақ саммиті өтті. Жиындағы күн тәртібіндегі басты тақырып «Еуропадаға босқындар мәселесі» болды. Бірақ ұзақ жылдар бойы Еуроодақ елдері арасында дау туғызып келе жатқан бұл мәселе бұл жолыда өз шешімін тапқан жоқ. Тараптар босқындарды қабылдауда бір мәмлеге келе алмады.
Жиын соңында журналистер алдында сөз сөйлеген Германия канцлері Ангела Меркель: «Біз барлық мәселелер бойынша жалпы еуропалық шешім шығаруымыз қажет. Қарсы тараптарды біріктіретін бағдарлама дайындау керек» - деп қысқа ғана мәлімдеме жасады.
Ал өз кезегінде Франция президенті Эммануэль Макрон аталмыш бас қосудың ұлттық құндылықтарға қайшы дүниелерді анықтауға септігін тигізгендігін айтып, кездесудің жоғары деңгейде өткендігін жеткізді.