Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу НАТО-ның Ресейге жақын шекарада әскерлер санын 7 есеге көбейткенін сынға алды. Бұл туралы "Анадолы" ақпараттық агенттігі хабарлады.
Сергей Шойгу сөзінде: "Польша мен Балтық жағалауы елдерінде "Ресей қаупі" деген сылтаумен НАТО күштері 2 мыңнан 15 мыңға дейін көбейді", – деді.
Осыдан бұрын Польшада АҚШ әскери базасы құрылатыны мәлім болған. Бұл қадам Польша тарабының АҚШ лауазымдыларына жасаған өтініші негізінде жүзеге аспақ. Тіпті, АҚШ-тың екі бірдей әскери базасын құру және оған АҚШ әскерлерін орналастыру үшін Польша үкіметі де қаржылай көмек бермек.
Жаз және күз айларында Ресей жақын Шығыс Еуропа жерлерінде НАТО-ның соңғы жылдардағы ең ауқымды әскери жаттығулары өткізілмек. Өз кезегінде Ресей тарабы: "Бұл қадамдар Ресейді қарсы шаралар қолдануға мәжбүрлейді", – деген мәлімдеме жасаған.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы