НАТО ұйымы соңғы жылдарда болып көрмеген ауқымды әскери оқу-жаттығуға дайындалуда. Кезекті жаттығуға НАТО-ның 29 одақтас елдері қатысады.
«Trident Juncture 18» деп аталатын бұл жаттығу қазан, қараша айларында болмақ. Қазір барлық НАТО мүшелері қаурыт дайындыққа өткенін НАТО мәлімдемешісі хабарлады.
Адмирал Жеймс Фогго НАТО штаб-пәтерінде жасаған мәлімдемесінде, «Trident Juncture 18» жаттығуына НАТО-ға мүше емес Финляндия, Швеция елдері де қатысатынын айтты.
Мәлімдемеге сәйкес, жаттығуға 40 мыңнан астам жауынгер қатысады. Бұл қандай да бір соғыс қаупі туған жағдайда, НАТО мүшелерінің бірігіп қорғану қабілетін сынауға бағытталады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр