Биыл Қазақстандағы мектептердің 40 пайызы ағылшын тілінде сабақ беруге көшеді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, министрлік жүргізген сауалнамаға сәйкес, отандастарымыздың 80 пайызы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды қалай екен.

«1 қыркүйекке ағылшын тілін В2 деңгейінде білетін 7 мың педагог дайын болады. Олар 1 қыркүйектен бастап химия, физика, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде бере бастайды. Сондықтан, 2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін шамамен 2 мың мектеп 10-11-інші сыныптарға бір немесе төрт пәнді ағылшын тілінде оқытуды бастайды», -  деді Асхат Аймағамбетов 

“The Qazaq Times”