Елімізде жыл басынан бері 100 млрд теңге игерілмеген. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев айтты. Үкімет басшысы мемлекеттік бюджеттен бөлініп, жөнді игерілмей жатқан қаражатты енді ел қазынасына қайтарып алуға жең түре кірісетінін сөз етті.
"Экономикада игерілмеген 100 млрд теңге бар. Осы ақшаны енді қажетті салаларды дамыту үшін ел қазынасына қайтарып аламыз. Әкімдер есеп бергенде барлығы жақсы, тұралаған сала жоқ деп өзеурейді. Шынтуайтында, мемлекеттен бөлінген ақша дұрыс жұмсалмай жатыр. Сондықтан Елбасының және халықтың алдында өздерің жауап бересіңдер!" - деді, Сағынтаев.
Қазір елімізде өндіріс, ауыл шаруашылығы және құрылыс салалары қарқынды дамып жатыр екен. Игерілмеген қаражат бұдан былай осы салаларды ілгерілете беруге жұмсалмақ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті