Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда менингококты инфекцияның қашан бәсеңдейтінін нақты айта алмады. Ведомство басшысы қауіпті ауру бір жылдары өрши түседі, енді бірде қарқынын жоғалтады. Сондықтан оның нақты қашан жойыларын дөп басып айта алмаймын деді.
"Денсаулық сақтау министрлігі сапалы медициналық қызмет көрсетілуін ғана қадағалайды. Біз вирусты инфекцияның нақты қашан жойыларын білмейміз. Меніңше, елімізде менингитке шалдыққандар саны көбеймесе, әзірге азаймайды. Бірақ жұрттың үрейленуіне себеп жоқ. Өйткені, Қазақстанда осыдан 20 жыл бұрын менингитке шалдығып, көз жұмып жатқандар әлдеқайда көп еді " - деді, Біртанов.
Менингит мысықтабандап науқастарды шетінен жалмап жатқанда - елдің дүрлікпеуі мүмкін емес сынды. Қауіпті дерт жасты да, жасамысты да баудай түсіруде. Осыған қарамастан министрлік елімізде карантин жариялауға асықпайды. Айтуыларынша, менингиттен қаза тапқандар саны 20 адамнан аспайынша жағдай қалыпты әрі тұрақты саналады екен.
Сонда министрлік қаза тапқандар саны қашан қалыпты деңгейден асып кетер екен деп, әліптің артын бағып отыра бермек пе? Шенділердің мұнысын қанша тырыссақ та ұқпай-ақ қойдық...


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы