Жексенбі күні дүние жүзі бойынша коронавирус анықталғандар саны жаңа рекорд орнатты. 24 сағат ішінде әлем бойынша 184 мың вирус жұқтырған адам тіркелді. Оның басым көбі Оңтүстік және Солтүстік Америкада тіркелген. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы үкіметтерге сақтық шарасын күшейтуді ескертуде.

Еуропада індет жағдайы сәл болса да саябырлаған. ЕО елдері карантин шараларын біртіндеп қысқартып жатыр. Алайда, Германияда вирус жұқтырғандар саны қайта көбейді.

Ал, Латын Америкасында індеттеп ең көп жаздап шегіп жатқан елдердің бірі Бразилия тіпті қиын жағдайда қалды. Елде вирус жұқтырып алғандар саны күрт көбейіп кеткенін мемлекеттік ақпарат құралдары жазып жатыр. Ел азаматтарынан миллионнан астам адам инфекция жұқтырған. Бразилия Covid-19 вирусын жұқтырып қаза болған адам саны бойынша да АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі жария еткен есепке қарағанда, апта соңындағы бір тәулікте Бразилияда індеттен көз жұмғандар саны мыңнан асқан. Елдегі саяси оппозиция індетке қарсы үкіметтің салқырт әрекеттері үшін ел президенті Жаира Болсонаруды айыпдап жатыр. Мамандардың айтуынша елде індеттің шарықтау шегі әлі алда екен.

Орта Шығыста Иран жұрты індеттен ауыр зардап шегіп жатыр. Соңғы үш тәулікте әр сөткеде қаза болғандар саны 100-ден аз болған жоқ. Ал, аптаның соңғы күні 2368 жаңа науқас тіркелді. Елде, майдың соңына қарай індет жағдайы бәсеңдеп қалып еді, маусымның басынан бері қайта күш алып кетті.

Қытай болса коронавирус індетінің екінші толқынын тоқтатып қалуға тырысып жатыр. Жексенбі күні вирус анықталғандар саны 220 адам болды. Орталық қаласы Бейжіңде шектеу шаралары күшейтілген.

“The Qazaq Times”